ҚР Көлік вице-министрі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының халықаралық көлік форумына қатысты
Форумға қатысу аясында Талғат Ластаев «ШЫҰ кеңістігінде көлік-логистикалық саланы дамытудағы елдердің әлеуеті» тақырыбында өткен негізгі панельдік сессияда сөз сөйледі. Өз баяндамасында Т.Ластаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының маңызды тарихи, экономикалық және мәдени маңыздылығын, сондай-ақ Еуразиялық транзиттік дәліздерді құру мен пайдаланудағы ұйымға мүшелік ететін елдердің зор көлік-логистикалық әлеуетін атап өтті. Сондай-ақ министрдің орынбасары өңірдегі көлік-транзиттік әлеуетті одан әрі дамыту үшін Қазақстанның қол жеткізген нәтижелері туралы, сонымен бірге Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасында бекітілген перспективалық қадамдар туралы айтып берді….