Қазақстан Республикасы Конституциясының — сот ісін жүргізудегі нормативтік құқықтық актілері сатысындағы орны
Қазақстан Республикасының Конституциясы жоғары заң күшіне ие. ҚР Конституциясы республикада сот төрелігін тек сот қана жүзеге асыратынын жариялай отырып, сот билігінің өкілеттігін нақты анықтайды және судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға ғана бағынатынын бекітеді. Конституцияның ережелері негізінде кейіннен Жоғары Сот Кеңесі мен Әділет біліктілік алқасы құрылды, олардың міндеттері судьялар лауазымына кандидатураларға қатысты ұсынымдарды бекіту болып табылады. 1995 жылы Конституция қабылданғаннан кейін Қазақстан азаматтары өз құқықтарын қорғауға және сотта барлық дауларды реттеуге мүмкіндік алды….