Абай мұрасы — мәңгілік салтанат құрады (Ұлы ойшыл, ақын, композитор Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай)
Ұлы ойшыл, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық тойына әлем жұртшылығы, қазақ елі қызу дайындық жұмыстарын бастап кетті. Абайдың ақындық мұрасы – поэзиясы ғасырлар бойы жас ұрпақтың бірнеше легіне үлгі болып, тәлім-тәрбие беруде. Абай әлемдік деңгейдегі тұлғаға айналды. Біз сүйсінеміз, қуанамыз, мақтанамыз. Бұл Абай өскен топырақтың, сол замандағы қоршаған ортасының, қазақ халқының бай салт-дәстүрінің, мәдениетінің, тілінің, ділінің ақынның бай рухани мұрасы арқылы көрінісі. Ибраһим өмірге көзін ашып келгеннен бастап, әжесі Зере немересін халықтың бай дәстүрі негізінде тәрбиеледі. Немересіне…