«Эстетикалық медицина» Нұр-Сұлтан сұлуларының заманауи талаптары шыңында
Адамзаттың өмір сүру қарқыны дамып, көпшіліктің сұлулыққа деген көзқарасы күннен-күнге өзгеріп жатыр. Эстетикалық сұлулық алдыңғы қатарға шығып, сәйкесінше, пластикалық хирургия нарығы қарқын алып келеді. Жан сұлулығы екінші орынға сырғып, қыз-келіншектер сырт келбетімен, дене мүсінімен үздіксіз алысу үстінде екенін байқаймыз. Елордамызға айналған «сұлуымыз» Нұр-Сұлтан қаласының бикештері бұл трендтің шыңында тұр десек те болады. Қадам сайын бой көтерген түрлі салондар мен медициналық жеке мекемелер шарықтаған бағаларына қарамастан тұрғындарға есігін жиірек ашуда. Бұл қалталы жұрттың ермегіндегі ғана іс емес, қол жетімді процедуралар…