Абайдың «Қарамола ережесі»
Осы уақытқа дейін Ұлы Абай тұлғасы жан-жақты зерттеліп жатыр. Абай Құанабайұлы біздің санамызда ақын, ағартушы, философ, композитор, жазба әдебиеті мен қазақ әдебиеті тілінің негізін қалаушы ретінде қалыптасса, өзінің замандастары үшін Абай сонымен қатар саяси қайраткер және әділ би болған. Абай Құнанбайұлының заңшығарушылық тәжіребиесі қазақ даласы үшін маңызы өте үлкен. Абайдың бірнеше билер буыны болған отбасыда дүниеге келгенін ескерген жөн. Абайдың арғы атасы – Ырғызбай атақты би және батыр болған. Ырғызбайдың ұлы, Абайдың атасы – Өскенбай Солтүстік-Қазақстан өңірінде атақты би…