Сот отырысында тәртіп бұзушыларға қолданылатын шаралар
Бүгінгі таңда еліміздің сот-құқықтық жүйесінде үлкен түбегейлі өзгерістер орын алды. Сот төрелігі қоғамға және оның азаматтарына ашық, жариялы, қолжетімді бола түсті. Мемлекет және қоғам сот корпусына және сот билігін жүзеге асыратын тұлғаларға жоғары талаптар қояды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 75, 76-баптарында Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асыратыны белгіленген. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын…