25 қазан – Республика күні: Дербестікке жол салған декларация
Егемендік декларациясы қабылданған 25 қазан ерекше тарихи маңызы бар оқиға ретінде бағаланып, ендігі уақытта Республика күні ретінде ұлықталады. Оның түпкі мәні – жаһанданған заманда елдіктің еңсесін тіктеп, ұлттық ерекшелікті, ұлттық болмыс-бітімді сақтай отыра, дамудың жолын саралау. 1990 жылдың 25 қазаны күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан еңсесі биік, терезесі тең жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке…