Республика күні мерекесі жаңғыртылды
25 қазан – Казақстан Республикасының ұлттық мерекесі. Биылғы жылдан бастап бұл күн жаңғырып, Республика күні болып аталып өтілмек. 2009 жылдан, яғни соңғы 13 жылдан бері елеусіз қалған атаулы күнге 2022 жылдан бастап ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды. Тарихқа көз жүгіртсек, 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларациясы қабылданды. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл акт негізінде Қазақстан Республикасының негізі қаланды. Республика күні 1995 жылдың қазан айынан бастап ұлттық мереке мәртебесінде…