Ана тілім — абырой, ар-намысым
Ата Заңымыз бойынша қазақ тілі — Қазақстанда мемлекеттік тіл. Алайда, толыққанды мемлекеттік тіл болуы үшін азаматтар тарапынан да, мемлекет тарапынан да әлі де атқарылар іс көп. Ата — баба арманы мен келер ұрпақтың болашағы алдындағы жауапкершілігімізді сезіне алсақ, дәл қазіргі кезеңде қазақ тілін дамыту жолында пәрменді шаралар ойластырып, дәрменді үлес қосуымыз керек. Өзін қазақпын деп есептейтін азаматтар, ана тілінің қадір — қасиетін білетіндер қолдағы мүмкіндікті пайдаланып, игілікті істерге мұрындық болуы — өз борышымыз. Екіншіден, қазақ тілін дамыту — тікелей…