Астанамызды қазақи қасиетті атаумен атайық!
Егер түзу көрінсе, Ойлап-ойлап, құлаққа іл. Абай Қалың бұқара Нұр-Сұлтан қаласының атауын өзгерту керектігін бірталай уақыттан бері айтып келеді. Осыған орай, мәжілісмен Еділ Жаңбыршин бастаған «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мынадай мәлімдемесіне көңіл аударайық: «…Конституциямызға өзгеріс енгізетін болсақ, онда осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Ата Заңға тағы бір аса маңызды мәселені енгізу керек. Ол – елорданың атын қайта қайтару. Адамның көзі тірісінде қалаға оның есімін берген дұрыс деп есептемейміз және де қаланың жаңа атауын халықта қабылдамады. Сондықтан Тұңғыш Президенттің өзі ұсынған…