Адамзаттың өмір сүру қарқыны дамып, көпшіліктің сұлулыққа деген көзқарасы күннен-күнге өзгеріп жатыр. Эстетикалық сұлулық алдыңғы қатарға шығып, сәйкесінше, пластикалық хирургия нарығы қарқын алып келеді. Жан сұлулығы екінші орынға сырғып, қыз-келіншектер сырт келбетімен, дене мүсінімен үздіксіз алысу үстінде екенін байқаймыз. Елордамызға айналған «сұлуымыз» Нұр-Сұлтан қаласының бикештері бұл трендтің шыңында тұр десек те болады. Қадам сайын бой көтерген түрлі салондар мен медициналық жеке мекемелер шарықтаған бағаларына қарамастан тұрғындарға есігін жиірек ашуда. Бұл қалталы жұрттың ермегіндегі ғана іс емес, қол жетімді процедуралар үй жағдайында да жасала беретін болып кетті. Жалпы алғанда, пластикалық хирургия нарығы жыл сайын дамып келеді, алдағы уақытта да бұл үрдіс сақталмақ. Бұл ретте әлемдегі эстетикалық медицина нарығының құрылымы да өзгеріп жатыр. Ресей және қазақстандық БАҚ-тың жазуы бойынша, Орта Азиядағы пластикалық хирургия көшбасшылары – Қытай мен Корей Республикасы болып тұр. «Блефаропластика жасайтын әйелдердің қатары көп. Бұл сән Корей елінен келді деп айтпас едім. Бүгінде көптеген азиялық қыздар еуропалық көз қиығын қалайды. Қазір бұл сәнде. Жалпы, әйел адамының сырт келбеті өз көңілінен шықпаса, оны сәл-пәл түзеткені дұрыс деп есептеймін. Әлемде эстетикалық медицинаның көмегімен әйелдер ұзақ уақыт әдемі және тартымды кейпін сақтай алады. Мәселен, менің әйелім 3 пластикалық ота жасатты, оған қарсы болмадым. Мен әр адам өзін бақытты сезінгенін қалаймын»,– дейді пластикалық хирург Данияр Байбосынов. Өзін- өзі дамытуда белсенді жұмыс атқаратын елордалық қыз-келіншектер келбеттеріне жасаған күтімдерін «жеке көркеюіндегі басты инвестиция» ретінде қарастырады деген ұғым да қалыптасқан. Сондықтан бұл адамзат бөлігін тоқтату оңайға соқпайды. Олар кез-келген сомманы табуға әзір болатындай. Сұлулық саласының мамандары клиника мен пластикалық ота жасайтын хирург таңдаған кезде дәрігер мен клиниканың сертификаты бар-жоғына, хирургтың жұмыс тәжірибесіне, оның бұрын жасаған жұмыстарына, баға саясатына көңіл аударып, сонымен қатар, дәрігерден міндетті түрде кеңес алуды ұсынады. Онсыз да Нұр-сұлтан қаласында жекеменшік клиникалар лицензиясынан айырылуы үстінде. Халық наразылығы салондар мен клиникалардың косметологиялық қызмет көрсетулеріне күннен-күнге артып келеді. Мәселен, танымал елордалық салондардың біріне алаяқтық фактісі бойынша шағымдар түскен. Клиенттердің айтуы бойынша, «х» салонының менеджерлері интернет желісіне акциялар жайлы жалған ақпарат таратып, жарнама бойынша келген адамдарды манипуляция жасау арқылы ірі соммаға бір жылдық процедураларға келу туралы құжаттамаларға қолдарын қойдыртып алған. Қалайдан осындайға тап болғанын есін жиғаннан кейін түсінген әйелдер жекелей шағымдар түсіре бастаған. Кейіннен осындай фактілердің бірнеше болғаны анақталды.
Кореялықтардың тәжірибелері біздің мамандардың біліктіліктерін жетілдіре түседі деп үміттенгенмен, толықтай косметологиялық нарығымызды жаулап алушылыққа жол бермеуіміз керек . Олай дейтініміз, қалың жарнамалық ақпаратттар аса әсерлі бола қоймайтын препараттарды шарықтаған соммада ұсынуында. Бұл маркетингтік жолдар халық санасының қалайша жаулап алынуына әкеліп соқты екен? Дүңгіршектердегі, сауда орталықтары мен желілік маркетинг арқылы сатылатын корей косметикаларының тенденциясы күннен- күнге белең алуда. Кореяға іс-сапармен барған шынайы бейненің куәгерлері қолданылып жүрген қалыпты күтім құралдарымыз бар болғаны жерасты туннелдерінде сатылатын он есе арзан «эконом санаттағы» жасанды фэйктер екенін растады. Сондықтан халықтың жылтылдаған, шығарылған жері ғана маңызды болатын күтім құралдарын таңдағанда аса сақ болғаны абзал.
Қазақстанның эстетикалық медицина және пластикалық хирургия қауымдастығының президенті Гүлнар Жұматованың айтуынша: -«Бұл саланың мәселелері көп. Мысалы қазіргі кезде арзандығы үшін көптеген қазақстандықтар Қытайға барып операция жасатады. Алайда ондағы кейбір оталар аурухана емес, қарапайым үйлерде жасалады. Бұның соңы асқынуға әкеп соғады. Не ақшасын қайтара алмай, не бет әлпетін қалпына келтіре алмай жататын тұтынушылар көп. Ал өз ішіміздегі мәселе — кәсіби мамандардың аздығы. Соның салдарынан көптеген қазақстандықтар бағасы қымбат Европаға немесе арзан Қытайға жүгініп жатады. Сондықтан саладағы өзекті мәселелерді бірігіп шешу үшін әлемдік деңгейдегі мамандармен бірігіп түрлі конгрестер өткізуді ұйғардық». Оның сөзінше, қазақстандық дәрігерлерге шеберлік сыныптарын өткізетіндер негізінен ине салушы, омыртқаны операцияны қолданбай емдеу, мануальды терапия, медикаментозды терапия сияқты бірқатар салалардың мамандары. Сондай-ақ кореялық мамандар қазақстандық азаматтарды қабылдайды. Екіжақты тәжірибе алмасу, медицина мамандарының тәжірибелерін арттыруға бағытталған бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Пластикалық операция мамандары бұл істі табысты әрі үздіксіз дамытудың арқасында әрқашан талап етілетін сала ретінде қарастырады. Нарықтық экономика заманында ақша табуға бағытталған осындай мамандар әдемі келбеттің құрбандарына айналған сұлуларымыздың көз жасына қалмаса болғаны. Мәселен, Қазақстанның Батысындағы жағдайды еске түсіретін болсақ, Орал қаласында бетіне ине салдырған әйелдің демде ажал құшқаны еліміздегі сұлулық салондары бетімен жұмыс істейді. Оларды ешкім бақыламайтыны өз алдына, «қуыршақ бетке» құштарлық та артып барады. Әрине, эстетикалық медицинаның дами беретіні, косметологиялық процедураларды ешкім тоқтата алмайтыны рас. Адамдардың әдемілік туралы ұғымы да, әдемілікті сақтау әдістері де әр түрлі. Үш бала анасынан айырылып қалды, қырыққа толмаған әйел өліп кетті — денсаулық сақтау жүйесі, сэс «бұл біздің құзырымыздағы шаруа емес» дегенге келтіріп отыр, яғни әйелдердің өздері ойлануы керек. Әдемі әрі жас қалпында қалуды, әcте кім қаламас?! «Жоқ» деп бас ұрғанымен, оны іштей әрбір дерлік әйел заты, тіпті кейде еркек кіндіктінің өзі де құп көрері хақ. Бірақ кейде сол сұлулық жолында қыруар ақшаны айтпағанда, өмірдің де қиылып кетері бек мүмкін… «Звезда востока» — бұл Орал шаһарының орталығындағы сән салоны. Ашылғанына 10 жыл болған. Бірақ дәл осы аптадағыдай оның жарнамасы жер жармаған шығар. Әрі теріс қырынан. Өйткені қымбат салонға бетін әрлетуге келген келіншектің бірін ажал құшқан.
Эстетика этикамен өнер мен өнегелілік қалай байланысты болса, солай тығыз байланысты. Өйткені өнер адам сезіміне әсер ете отырып, оны адамгершілік, ізгілікке тәрбиелейді. Көркемдікке сүйсіну, соны тамашалаған сәтте сезімге бөлену барысында жанымыз тазарады. Жан тазалығы—ар тазалығы. Олай болса, эстетикалык тәрбие — имандылық, ғибраттылық тәрбиесінің бір тарауы. Сондықтан, пластикалық хирург Дмитрий Пак клиника таңдауда неге мән беру керектігі жайлы айтып берді. «Клиниканың ресми құжаттарын сұрап, оның қызметі мен жұмысы туралы пікірлерді оқып, медициналық талаптарды орындауын ескеріп, хирургтың кәсіби біліктілігіне назар аудару керек. Міндетті түрде келісім-шарттағы екі тараптың жауапкершілігі туралы жазылған бөлігін жан-жақты зерттеу керек. «Бүгінгі күні кейбір клиникаларда бұл оталар конвейер секілді, үздіксіз жасалады. Ал келесі хирургтың жасайтын отасы өте көп емес, сондықтан, оның да сапасы жақсы. Хирург отаға қаншалықты аз уақыт жұмсаса – сәтсіз шығатын отаның де үлесі жоғары. Ал отаны асықпай жасаса, оның нәтижесі де жоғары болатыны анық, – деп түсіндірді маман. Негізгі эстетикалық категориялар – сұлулық пен сұрықсыздық, асқақтық пен пасықтық, трагедиялық және комедиялық болса, олар қоғамдық байланыста, адам өмірінің әрбір саласында – өндірістік-еңбек пен қоғамдық саяси қызметте, табиғатқа көзқараста, мәдениет, тұрмыста, т.б. жағдайларда дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып түсінудің көрінісі ретінде байқалады.
Эстетика өнердің мәнісі мен оның заңдылықтарын зерттей отырып, арнаулы, теориялық және тарихи ғылымдармен және өнер туралы ғылымдармен тығыз байланыста дамыды. Бірақ Эстетика– негізінен философияның бір саласы. Ол адамның ақиқатқа эстетикалық қатынастарының (оның ішінде өнердің) жалпы заңдылықтарын зерттейді, ал өнер зерттеу ғылымдары өнердің қаз-қалпындағы ерекшелігіне назар аударады. Француз эстетикалық медицина ассоциациясының Бас хатшысы Жан Жак Дюре философия сияқты дүниетану ғылымы бола отырып, эстетика эстетикалық сана мен өнердің қоғамдық болмысқа, адам өміріне көзқарасы туралы мәселені шешуді өз проблематикасының басты назарына қоятынын ескертеді. Осы мәселенің материалистік шешімін басшылыққа ала отырып, эстетика өнердің табиғаты мен көркем шығарм. процесінің түрлі жағын: өнердің шығу тегін оның мәнісін және қоғамдық сананың басқа формаларымен байланысын, оның тарихи заңдылықтарын, көркем образдың ерекшеліктерін, өнердің мазмұны мен форманың өзара байланысын, көркемдік әдіс пен стильдің маңызын, т.б. ғылыми тұрғыдан ашып көрсетеді. Өнер философиясы, өнер ілімі болып табылатын эстетика үшін де жоғарыда аталған мақсаттар бірінші маңызды болмақ. Ендеше, эстетиканы оқытудың, яғни эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты — адамдарда өзінің айналасындағы сұлулықты көре, сезіне білу, бағалай және қабылдай білу қабілетін арттырып, сұлулық заңдарына сәйкес өмірді жаңартып, өзгертіп отырады. А.Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін кемелділікті әсемдік деп білген, әсемдіктің бірден-бір керініс табатын саласы өнер деп қарастырған.
Сөйтіп, неміс философы эстетикаға әсемдікті және оның өнерде көрініс табуын зерттейтін ілім деген анықтама берген. Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені игеруге деген талпынысы А.Баумгартен эстетика ұғымын енгізбей тұрып-ақ белгілі болған. Эстетиканың тікелей өнермен байланыстығын есте ұстасақ, өнер тарихы — адамзат тарихы екендігін де мойындаймыз. Адамзат есін білгелі өнермен бірге жасасып келеді.
Бізге белгісіз, бұлыңғыр ондаған мың жыл бұрын да өнердің бастапқы белгілері байқала бастаған. Атап айтсақ, тас дәуірінің алғашқы кезендерінің өзінде-ақ адамдар өнердің алғашқы нышандарын тудырып, оны өрі қарай дамытып отырған. Маманның сөзіне сүйенсек, Қазақстанның пластикалық хируругия нарығы бәсекеге қабілетті. «Біз де дамып, өсіп жатырмыз, өзгелерден техникалық тұрғыда артта қалдық деп айтпас едім. Тек белгілі бір құрал-жабдықтарды пайдалануда айырмашылық бар шығар. Бұл елдерде олар жақсы дамыған», – дейді пластикалық хирург Владимир Крючков. Ол пластикалық хирургиядағы баға қолжетімді болуы керек деп санайды.
«Кез-келген ота – тәуекел. Егер пациент тәуекелге дене бітімін тіксе, дәрігер өз абыройын тігеді. Менің жұмысымды 5-6 жылдан бері әлеуметтік желі арқылы бақылап келе жатқан пациенттерім бар. Мен істеген ота нәтижелерін көріп, пікірлерді оқыған соң ғана, маған келеді. Негізі күніне 8-10 ота жасауға шамам келеді. Бірақ бұл жұмыс сапасына әсер етуі мүмкін. Адам деген темір емес, шаршайды. Сондықтан мен күніне тек 3 отадан ғана жасаймын. Саны аз болса да, сапасы жоғары, пациенттерім де риза. Пациенттердің рұқсатымен, кейде өзім жасаған отадан тікелей эфир жүргіземін. Соның ішінде ең қиыны әпкеме жасаған ота болды. Қатты уайымдадым, дегенмен бәрі сәтті шықты, – деп әңгімелейді Данияр Байбосынов. Хирургтың айтуынша, қазіргі кезде отаға дайындық ұзаққа созылмайды. «Бүгінде пластикалық отаға тез дайындала аласыз. Талдау нәтижелері 3 сағаттың ішінде дайын болады. Әдетте, ондай талдауларға 1 күн кететін. Көптеген пациенттер оңалту кезеңінің де ұзаққа созылмағанын қалайды, алайда, негізгі сауықтыру уақыты 2 аптаға дейін созылады. Өз абыройына мән беретін жақсы клиникалардың барлығы тұрақты түрде дамып, құрал-жабдықтарын, технологияларын жаңартып отырады. Нәтижесінде оңалту кезеңі де біраз қысқарды. Менің білуімше, бұл кезең соңғы 10 жылда 10 есе азайғаны анық», – дейді пластикалық хирург. Ота үшін жауапкершілік кімге жүктеледі деген сауалға Байбосынов «екі тарапқа да» деп жауап берді.
«Әр отаның алдында пациенттер арнайы келісім-шартқа қол қояды. Егер ота нәтижесі пациенттің көңілінен шықпаса, біз кеткен олқылықты жөндейміз. Әркімнің ағзасы әртүрлі, сондықтан бар жауапкершілікті өз мойнымызға ала алмаймыз. Міндеттер де теңдей бөлінеді. Негізінен пациенттер айтқаныңды екі етпейді, дегенмен араларында режим сақтамайтындары да бар. Олар үшін неге біз жауап беруіміз керек? Мысалы, кейбірі кір қолдарымен тіккен жіпті ұстайды. Айталық, блефаропластикадан соң, бірден кітап оқуға болмайды. Бізде мынадай оқиға болған еді, отадан соң екінші күні пациент кітап оқып жатқанда, кітап бетіне түсіп кетіп, тігісі тарқап кеткен. Оған қоса алкоголь ішуге болмайды, – дейді Данияр Байбосынов. «AMIRA» пластикалық хирургия және косметология клиникасының бас дәрігері, пластикалық хирург Данияр Урмурзиннің айтуынша, танымалдық тұрғысынан алғансақ, «Қазақстанда блефаропластика мен маммопластика бәсекелесіп тұр».
Көрсеткіш бойынша үшінші орында липосакция (денедегі артық май қабатын алу) тұр. Ал танымалдық бойынша 4-і келе жатқан – обдоминопластика, яғни имплантант арқылы кейбір дене мүшелерінің пішінін өзгерту, – деп түсіндірді Данияр Урмурзин. Сонымен қатар, хируртың айтуынша, ота құны Қазақстанда Ресеймен салыстырғанда, әлдеқайда арзан. «Бұл негізінен жасалатын ота саны мен мамандардың тәжірибесі, ота жасау техникасына байланысты. Нәтижесі өте жақсы шыққан оталардың саны көп. Біздің клиникаға келер болсақ, бағалары қалта көтерерлік, барлығы сайтта жарияланған. Соңғы жылда бізге сенім артқан пациенттеріміздің саны 1000-нан асты, – дейді Данияр Урмурзин.
Сонымен қатар, қазақстандық делегация стоматология және эстетикалық медицина саласындағы жаңа бағдарламалар мен тәсілдерді қолдануды ынталандыратын және дамытатын «Аванта» инновациялық медицина орталығына барды. Мультимедиа оқыту құралдарына тән мұндай қасиеттерді үлгіленетін үрдісті басқаруға дағдыланған бұл мекеме әсемдікті қалыптастыруға, білім алушылардың танымдық белсенділіктерін арттырыумен қатар ой әрекетінің тәсілдерін меңгеруге қолайлы жағдай тудырады. ХХ ғасырдың белгілі модельері Габриэль Бонер Шанель «өз-өзіңді күту жүректен басталуы керек, олай болмаған жағдайда ешқандай да косметика көмектеспейді» деген екен. Сондықтан да сұлулық жолындағы бикештерге айтарым: «Сұлулық шынымен де жүректен бастау алады. Артық қылам деп, жаратылыстан берілген сымбаттарыңызды өзгерместей қылып бүлдіріп алмаңыздар. Жарқ-жұрқ еткен мультимедиялық еліктіруші түрлерді көрсететін жарнамаларға ермеңіздер. Клиникалық орталықтар қызметтеріне жүгінгенде келісім-шартты мұқият оқып, акеліп соғуы мүмкін салдармен танысқаныңыз абзал».
Т. Сұлтанхан
«Аdil_sot» жобасының
негізін қалаушы