Қоршаған ортаның ластануына және адам ағзасының реактивтілігінің өзгеруіне байланысты соңғы жылдары елімізді пневмониямен ауыратын науқастар саны көбеюде. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әр 1000 тұрғынға шаққанда 3-15 адам пневмониямен ауырады екен, деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан қаласында «STOP туберкулез!» акциясы басталған бір аптаның ішінде Астанада 1775 адам жылжымалы флюорографтардың көмегімен профилактикалық флюорографиялық тексерулерден өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Еске сала кетейік, 23-ші қыркүйектен бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен қалалық фтизиопульмонология орталығы қолдауымен «STOP туберкулез!» атты ауқымды қалалық акциясы бастады. Акцияның мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарына туберкулезге зерттеуді уақытында өту және ауру жөніндегі ақпаратты арттыру. 1 қазанға дейін қалада 4 жылжымалы флюорографтардың көмегімен күнделікті түрде нарықтарда (Ұлжан, Бигшанхай), сауда үйлері мен орталықтарында (Дәулет, Астаналық базар, Әлем, Жаннұр, Джаффар, Бахус, Евразия, Аружан), тұрғын аудандарда профилактикалық тексерулер өткізілді. Бірінші аптада барлығы 1775 адам жылжымалы флюорографтардың көмегімен профилактикалық флюорографиялық тексерулерден өтті. Тексеруден бөлек, халықпен әңгімелесу жүргізіліп, аурудың алдын алуы және алғашқы симптомдары, уақытында анықтаудың тәсілдері туралы ақпарат берілді. Бұған қоса, 7268 адамға туберкулез және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы сауалнама жүргізілді. Сондай-ақ қалалық емханаларда туберкулез сұрақтары бойынша ашық есік күндері өткізілді. Ауру бойынша консультациядан 436 адам, туберкулезге деген білімі туралы сауалнамалардан 1281 адам, флюорографиялық тексерулерден 2261 адам өтті. Айта кетейік, 1 қазаннан бастап 4 үлкен жоғары оқу орындарында студенттерге тексерулер жүргізілуі басталды: Астана медицина университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университеті. «STOP туберкулез!» акциясы 23 қазанға дейін жалғасады. Емханалардағы ашық есік күндері мен сауда орталықтарында, қала базарларында, әртүрлі тұрғын аудандарда флюорографиялық тексерулерді өткізу кестесін к-ре аласыздар.
Қазақстан Республикасының Конституциясы еліміздің барлық азаматтарының, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың тегін кепілдендірілген медициналық көмек көлемін алуға кепілдік береді.
Азаматтық секторға қарағанда бас бостандығынан айыру орындарында түрлі инфекциялық және басқа ауруларды жұқтыру қаупі анағұрлым жоғары екені баршамызға мәлім. Бұл қамаудағылардың тығыз, жасақталып орналасуына, жеке гигиена ережелерін сақтамауы мен басқа бірқатар факторларға байланысты.Осыған байланысты түзеу мекемелеріндегі медицина қызметтерінің жұмысы, әсіресе ауруға шалдығуды дер кезінде және дұрыс диагностикалау, жұқпалы ауру түрлерімен ауыратын науқастарды оқшаулау бойынша жұмыс жоғары деңгейде жүргізілу қажет.
Ағымдағы жылы өткен жылдармен салыстырғанда сотталғандар арасында өлім саны азайғаны байқалады деп айтуға болады, атап айтқанда науқастың бір өлім фактісі (диагноз: бауыр қатерлі ісігі, қатерлі ісікпен ағзаның улануы) тіркелсе, жыл сайын қамаудағылардың түрлі аурулардан өлуінің 10 фактісі орын алып отырған. Терапевтикалық бейінді аурудың саны 29%-ға, оның ішінде туберкулезбен аурудың саны 8,3%-ға төмендеді. Бірақ, қалалық прокуратура жүргізген тексеру нәтижелері осы саладағы атқарылып жатқан жұмыстардың соншалықты жақсы емес екенін көрсетті. Мәселен, соңғы үш жылда Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Астананың түзеу мекемелерінде жалпы 64,6 млн.теңге сомасына қажетті медициналық жабдықтар сатып алынған. Алайда, медициналық қызметкерлердің бұрын аса қажетті медициналық жабдықтар ретінде мәлімдеген жабдықтарды алғаннан кейін пайдаланылмаған. Мысалы, тергеу изоляторында тиісті жайдың болмауына байланысты жаржылдан астам «Аквадистиллятор» АЭ-25, «Стерилизатор» ГП-20-3 и «Фотоэлектроколориметр» РД-303 жаңа медициналық жабдықтар іске қосылмаған.
Қалалық прокуратура осы іске араласқаннан кейін ғана аталған бұзушылықтар жойылды, қажетті жай табылды және бүгінгі таңда аталған жабдықтар толық көлемде пайдаланылады. Сонымен бірге, мекемелердің медициналық персоналмен толықтыру мәселесі әлі күнге шешілмеген проблемалардың бірі болып табылады, ұзақ уақыт бойы терапевт, стоматолог, хирург, фельдшер және эпидемиолог дәрігерлердің жұмыс орны бос қалады.
Терапевт дәрігерлердің болмауы туберкулезді айқындау кезінде қадамдық айқындау алгоритмін бұзуға әкеп соқтырды, журналдар ұқыпсыз жүргізіледі, қабылдау күні мен қақырық анализі мен рентгендік тексеріске жіберу күні сәйкес келмейді. Контингентті флюорографиялық тексеру жоспары жоқ.
Аурудың алдын алу мақсатында тұрғындар тегін флюорографиялық тексеруден өтті. Төрт бірдей жылжымалы флюорографиялық цифрлық қондырғылар күн сайын базарларда, сауда орталықтарында, қаланың тұрғын үй алаптарында қызмет етті. Сонымен бірге адамдар көп шоғырланған «Дәулет», «Артем», «Әлем», «Жаннұр», «Джафар», «Бахус», «Әсем» «Магнум», «Астықжан» сауда үйлерінде, сауда, ойын-сауық орталықтарының аумақтарында осындай тексерулер жүргізілді.
«Промышленный», «Тельман», «Күйгенжар», «Мичурин», «Заречный» «Пригородный», «Железнодорожный», «Өндіріс», «Көктал» кенттерінде жүргізілген жылжымалы флюорографта тексеру аса нәтижелі болды. Осы шара аясында 6000-нан астам адам флюорографиялық тексеруден өтті.
Бұдан басқа, туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша дәрігер- фтизиатрлар кеңес беріп, құрт ауруының белгілерін түсіндіріп, сауалнама жүргізді. Бұл шараға жүкті әйелдер мен жастар орталықтары қамтылды. Айлық аясында қала мектептері де назардан тыс қалған жоқ. Мектеп оқушыларына осы тақырып бойынша 212 сынып сағаты ұйымдастырылды, 24 колледж студенттерін қосқанда 2000-дай қала жастарымен кездесу өткізілді. Қалалық ІІД-нің қолдауымен бейімдеу орталығындағы белгілі тұрағы жоқ 59 адам тегін тексерілді.
«Стоп, туберкулез» акциясын ұйымдастырушы – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласы ІІД, және Қалалық фтизиопульмонологиялық орталық.
Жалпы, еліміздегі осы дертке қарсы бағдарламаны жүзеге асырудың маңызды нәтижелері туралы айтуға болады. Соңғы бес жылда республикада науқастар саны 1,3 есеге төмендеді. Егер 2014 жылы республикада 11,5 мыңға жуық жаңа ауру жағдайы анықталса, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 8,8 мың оқиға орын алды. Сондай-ақ соңғы 5 жылда Қазақстанда құрт ауруынан болатын өлім-жітім 2 есеге төмендеді. Елордада өткен ауқымды шараның эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына әсері мол.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тұрақты негізінде бизнес қауымдастығымен жұмыс жүргізуде. Осы мақсатпен консультациялық-кеңестік органы болып табылатын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Бизнес кеңесі құрылған. Бизнес кеңесінің отырыстары дәрімен қамтамасыз ету, қайта реттеу, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту, МӘМС және ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерді көрсету және т.б. бағыттары бойынша денсаулық сақтау саласының мәселелрін шешу үшін өткізіледі.
Акция аясында келесі іс-шаралар өткізіледі:
- сауда орталықтарында, қала базарларында, әртүрлі тұрғын аудандарда елорда тұрғындары мен қонақтары тегін жылжымалы флюорографтан флюорографиялық тексеруден өтіп, туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша ақпарат ала алады;
- жұмыс күндері барлық қалалық емханаларында «Ашық есік күндері» өткізіледі және туберкулез сұрақтары бойынша кеңес алып, флюорографиялық тексеруден өтуге мүмкіндік болады. Фтизиатр дәрігерлер жүкті әйелдерді туберкулездің алдын алуы, жаңа туған нәрестелерге туберкулезге қарсы вакцинацияны өткізу туралы ағаттандыру әңгімесін жүргізуге шақырады.
- білім беру мекемелерінде туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша сынып сағаттары, ата-аналармен кездесулер өткізіледі.
- Нұр-Сұлтан қаласының полиция Департаментінің қолдауымен, тұрақты мекен-жайы жоқ адамдарға флюорографиялық тексеруден өткізу ұйымдастырылады.
«СТОП туберкулез!» акциясы елорданың қолайлы эпидемиологиялық жағдайын құру бойынша іс-шараларды жандандырады және күшейтеді, халықтың туберкулез туралы хабардарлығын арттырады.
Туберкулез мәселесі дерексіз емес, бұл ауруға әрқайсымыз шалдығуымыз мүмкін және де туберкулезге қарсы күрестің сәттілігі әрқайсымызға тәуелді екенін ұмытпайық!
«Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында емхана Смарт-қосымша немесе бірыңғай Саll-орталық-109 арқылы дәрігерлерге алдын ала жазылу арқылы «кезексіз» жұмыс режиміне өтті. Қазір тіркеу орнында пациенттерге кеңес алатын және психологиялық тұрғыдан жеңілденетін орын — жайлы холл ұйымдастырылды. Емханаға кіреберісте ақпараттық дүңгіршек орналасқан, онда емханада жүру бағыттары, пациенттерге арналған барлық қажет ақпарат бар. Осылайша, адами фактор ықшамдалған, күнделікті кертартпа мәселелер автоматтандырылған.
Жанында цифрлық пост орналасқан, ондағы оператор мобилді қосымшаны орнатуға көмек береді. Одан басқа, бірінші қабатта психологтар мен әлеуметтік қызметкерлермен белсенді сұхбаттасуға арналған «әлеуметтік терезе» орналасқан. Емхана немесе тікелей дәрігер туралы тілек пен ұсыныстарды Smart Astana мобилді қосымшасы арқылы қалдыруға болады. Ол үшін ұялы телефонға арнайы QR-кодты сканерлеу жеткілікті.
Ақпараттық дүңгіршек пен Смарт-қосымшадағы барлық ақпарат, соның ішінде шағымдар, дәрігерлер жұмысының бағалануы, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жағдаяттық орталығына жиналады, бұл өз кезегінде көрсетілетін медициналық көмектің деңгейін талдауға және сапасын жақсарту мақсатында шара қолдануға мүмкіншілік береді.
Одан басқа, қонақтар диспансерлік кабинеттің жұмысымен танысты. Оның басты міндеті – аурудың созылмалы түрлері бар пациенттерді диспансеризациялау, созылмалы ауруларды ерте анықтау. Мұнда диспансерлік есептегі науқастардың орталықтандырылған есебі жүргізіледі, пациент туралы барлық қажет ақпарат жиналған. Жоғары медициналық білімі бар мейіргер пациенттерді тексеруге шақырады, сала мамандарының қабылдауына алдын ала жазып қояды. Кабинет пациенттеріне дәрілік заттарды қабылдау және артериялық қысымды бақылау күнделіктері беріледі. Кабинет пациенттің өз басының денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарау қағидаты бойынша жұмыс істейді.
Коканов К.