Жан-жақты физикалық жетілген және денсаулығы жақсы баланы өсіріп тәрбиелеу әрбір ата-ана мен балабақшаның міндеті. Еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты- ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл-ойы айқын, өз-өзіне сенімді, жан- жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан, бала организімінің қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру – ең басты міндетіміз.
Қазіргі кездегі елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты – өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға даярлау. Қай кезеңде болмасын білім мен тәрбие егіз ұғым екендігін ескерсек, отбасынан бастау алған бала тәрбиесі мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарында жалғасын тауып, болашаққа қадам басары анық. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарындағы бүлдіршіндер тәрбиесін жан — жақты жетілдірудің жолдарын айқындап, бала денсаулығын сақтаудың жолдарын қарастыру заман талабынан туындап отырған жағдайлардың бірі. Мектепке дейінгі білімде баға жетпес гигиеналық тәрбиенің тәжірибесі мол болғанымен, қазіргі заманға сай баланың денсаулығының нашарлап, әлеуметтік жағдай баланың дұрыс өмір сүру бейнесін қалыптастыруда жаңа қарым — қатынасты меңзейді. Ұлттық денсаулық сақтау ұйымында баланың салауатты өмір салтына тәрбиелеу негізгі міндеттердің бірі болып саналады. Баланың салауатты өмір салтын құру баланың тек психологиялық жеке — дара ерекшеліктері ғана емес, оны қоршаған ортасы мен жанұясы қолдап отыру қажет.
Қазақстандағы салауатты өмір салтын дамытудың бастамасы мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың денсаулығын сақтаудың аса қажет екендігін көрсетеді. Балабақша жұмысына денсаулық сақтау технологияларын енгізу қажетті заман талабынан туындайды. Осыған орай жұмыстың объектісі – мектепке дейінгі жаста баланың денсаулығын қорғау болып саналады.
Жұмыстың мақсаты — мектепке дейінгі ұйымда баланың денсаулығын сақтаудың, салауатты өмір салтын ұйымдастыру мен бала денсаулығын шыңдаудың мүмкіндіктерін қарастыру болып табылады.
Міндеттер:
- мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау технологиясын қолдану мүмкіндіктерін анықтау;
- денсаулық сақтау технологиясына сипаттама бере отырып, мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау технологиясын пайдалану әдістемесін ұсыну;
- білім берудің жаңа технологияларын қолдану (денсаулық сақтау, ақпараттық) ғылыми — әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету, оларды іске асыру механизмдерін жетілдіру;
- балалардың денсаулығын сақтау мақсатында инновациялық бағыттағы материалдық — техникалық база қалыптастыру.
Күтілетін нәтижесі:
Мектепке дейінгі мекемедегі балалардың дені сау, психологиялық және интелектуалдық тұрғыда жан — жақты қалыптасқан, бастауышқа дайын болған мекеме түлегі.
Тәрбиешінің балалармен жұмыс жүргізуіндегі денсаулық сақтау технологиялары баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызғушылықтарын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсартуда мектепке дейінгі мекемеде денсаулықсақтау технологияларының түрлері:
Балабақшада оқу — тәрбие жұмыстарын заман талабына сай жүргізу, баланың денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу медициналық және педагогикалық қызметкерлердің бірлескен нәтижелі еңбектеріне байланысты. Осындай мәселені шешу барысында біздің анықтағанымыз, баланың денсаулығын нығайтуда және аурудың алдын — алуда тек қана баланың қимыл белсенділіктерін көтеру өте аз, сонымен қатар шынықтыру шараларын жүйелі өткізу керек. Ол үшін педагог дәстүрлі жұмыстарға дәстүрден тыс жұмыс түрлерінің жүйесін тудыруы жөн.
Мысалы, жалаң аяқ жүру табан мен буындарды бекіту әдісі болып табылғандықтан барлық жаттығуларды жалаң аяқ ұйымдастырған өте ұтымды болады. Ертеңгілік жаттығуда әртүрлі формаларды қолдану:
Тыныс алу жаттығулары
Жалпақтабандылықтың алдын — алу жаттығулары
Сымбатты түзету жаттығулары
Созылу(стретчинг) жаттығалары
Йога жаттығулары
Көзге арналған жаттығулар
Таңертеңгі жаттығудан кейін тыныс алу немесе тұзды жолмен жүру өте тиімді. Сонымен қатар дене тәрбие сабақтарында дәстүрден тыс құрал — жабдықтарды қолданған жөн.
Баланың дені сау, салмақты, дене дамуы мықты, тәбеті жақсы, ұйқысы толыққанды болып өсуі үшін күн тәртібін қатаң сақтау қажет. Бұл балаға балалық шақтан бастап ағзасын кез — келген ауруға қарсы тұруына маңызды.
Себебі ағзада барлық өмірлік әрекеттер белгілі бір тәртіппен жүріп отырады. Жүрек ырғақты жұмыс жасайды, жиырылуы — босауы, тыныс алу, дем алумен — дем шығару кезектеседі, асқазандағы аста белгілі уақытта қорытылып отырады.
Жалпы табиғатта барлық жағдайлар белгілі реттілікпен жүреді: жыл мезгілдерінің, күн мен түн ауысуы…
Міне, сондықтан мектепке дейінгі мекемелерде күн тәртібі сақталуға қатаң көңіл бөлінген. Шынықтыру – сауықтырудың да тәртібі болған жағдайда ғана баланың ағзасына тиімді болады.
Мектепке дейінгі ұйымындағы денсаулық сақтау педагогикалық технологияларына келсек, мектепке дейінгі кезең – бала ағзасының өте қарқынды дамитын кезеңі екенін білеміз. Яғни осы жас шамадағы баланың ағзасының барлық жүйке жүйелері мен дене мүшелерінің, жүйкелік — психикалық дамуы қалыптаса түскен кезі.Сондықтан да мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау іс — шаралары кешенді де жүйелі жүргізілуі қажет. Сонда ғана жаңа өсіп келе жатқан өскелең ағза сыртқы факторлар әсеріне төтеп бере алатын болады.
Денсаулық сақтау технологияларының кешенді жүргізудің басты мақсаты
Мектепке дейінгі балалардың қимыл — әрекеттерін жетілдіріп, оның ағзасын суыққа төзімді болуға жаттықтыру.
Дені сау баланы өсіруде бірнеше бағыттар алынды.
Балалар ауруларын төмендетуге мүмкіндіктер жасау үшін педагогтардың кәсіби — шеберліктерін өрлету және де ата — аналармен ынтымақтаса отырып, шынықтыруды кешенді ұйымдастыру
Бұл іс — шаралар барлық білім салаларымен байланыстырып, әрекеттестіріп жалпы «Денсаулық сақтау технологиялары» деп аталады.
Шынықтырудың негізгі міндеттері
Баланың тұлғалық ерекшелігін ескере күш — қайраттарын қалыптастыру және денсаулығын шынықтыруды жүзеге асыру. Бұл міндеттерге, тек шынықтыру шараларынын кешенді түрде өткізгенде ғана нәтижеге қол жеткізді, яғни балабақшадағы баланың болған бір күні — оның ағзасына пайдалы дәрумендерді енгізіп асмәзірін түрлендіріп, оны балаға жеткізу, қарапайым шынықтыру мен қатар арнайы жоспарланған шараларды, қимыл — әрекеті үйлесімді ұйымдастырылады.
Баламен шынықтыру шараларын ұйымдастыру алдында бірнеше ережелерді сақтау керек:
Дені сау баламен шынықтыруды жүйелі жүргізу, оның теріс эмоциясын (үрей, жылау, мазасыздық) тудырмайтын және біртіндеп үдетіп, ұзартылып, медбике мен педагогтың қатаң қадағалауында болуы қажет.
Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенция әлемдік тарихта ең көп ел қабылдаған құжат және балалардың құқықтарын жан-жақты анықтайтын халықаралық деңгейдегі жалғыз құжат болып табылады. Конвенцияның негізгі қағидалары барлық балалардың өмір сүруге, дамуға, қорғалуға және кемсітуден азат болуға тең құқылы болуын көздейді.
«25 жыл бойы БҚК ЮНИСЕФ ұйымының Қазақстан Республикасы үкіметімен ынтымықтастығының іргетасы болып келеді. БҚК балаларға мейірімді қоғам құрудың жұмыс құралына айналды. Конвенцияны іс жүзінде іске асыру қазақстандық балалардың осымен бірнеше буынының өміріне оң өзгерістер келуіне септесті», — деп атап өтті Қазақстандағы БҰҰ Өкілі Юрий Оксамитный. «Атап айтқанда, балалар өлім-жітімі бес еседен астам азайды, инклюзивті білім беру дамып келеді, әлеуметтік қорғау жүйесі жетілдіріліп жатыр. Жақында Қазақстан АИТВ жұқпасының анадан балаға таралуынан ада ел ретінде сертификаттаудан өтеді. Бүгін туылған балаларда тіршілік ету, қамқор отбасында дені сау, білімді болып өсу мүмкіндігі 25 жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда әлдеқайда жоғары», деп қосты ол.
Қазақстанда балалардың, соның ішінде, психикалық және физикалық даму ерекшеліктері бар балалардың, ұрымтал жағдайдағы балалардың және заңмен байланысқа түскен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру жалғасып келеді. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтының құрылуы бірқатар күрделі мәселелер, мысалы, балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту, балаларға зорлық-зомбылық көрсетудің алдын алу ведомствоаралық жұмыста көрініс тауып, үкіметтің, парламенттің, халықаралық ұйымдардың және азаматтық сектор ұйымдарының күшін біріктірді. Жеткен жетістіктерді талқылауға қоса, БҚК қабылдану мерейтойы – жаңа міндеттерді анықтау және басымдықтарды айқындау мүмкіндігі. Олардың ішінде: балалардың құқықтарын жүзеге асыру бойынша серіктестерді және мақсаттарды біріктіретін балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі бірыңғай ұлттық стратегияны жасау және жүзеге асыру, сонымен қатар, балалардың құқықтарына мониторинг жүргізудің кешенді жүйесін дамыту.
Балалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн сақтау қатысында ұлттық саясатты iске асыруға белгiлi бiр дәрежеде бiлiм беру, денсаулық сақтау, кедейлiктi төмендету, көшi-қон саясаты, демографиялық даму, мүгедектердi оңалту және басқа да салаларда балалардың құқықтарын сақтау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк салалық бағдарламалар бағытталған.
Ата-аналар балаларына екпе салдыруға міндетті. Бірақ бас тартса, олар әкімшілік жауапқа тартылмайды. Жаңа нормаға сәйкес, екпе салмаған балалар балабақшаларға кіргізілмейді. Министр Қазақстанға екпе тек Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен келісілген зауыттардан ғана жеткізілетінін атап өтті. Жылдың барлық мезгілдерінде балалардың денсаулығына рацианалды тамақтануына ерекше көңіл болінуде. Балабақшада баланың денсаулығын нығайтуға барлық жағдай жасалынған, материалдық техникалық базасы жоғары деңгейде. Табаны күректей алты жыл бойы балабақша Сара Алпысқызы Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» курсын енгізу бойынша эксперементтік алаңда жұмыс жүргізді. Республикалық, облыстық курс тыңдаушыларына бірнеше рет Порфирий Ивановтың сауықтыру жүйесі туралы қызығушылық танытқан «Лугандық қарияның » ашық өсиетін оқып «Өз денсаулығыңды өзің түзеп үйреніп,өзіңмен-өзің толық түсінікте болуы мүмкін бе?»деп ойлаған .Ивановтың өсиет іліміндегі жер бетіндегі әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыруды қажет ететін, тек қана жақсы іс-шаралар жасауы керек. Осы курсты жүргізу мақсатында ең алғаш су құйыудан бастап, жүрегін өзін қоршаған адамдарға деген сүйіспеншілік әуеніне аударуға, жанның тазарып,тәннің жасарып,бұрын мазалайтын сырқаттардың одан сырт бере бастағанын сезіне білуіне байланысты ашық ұйымдастыру іс-әрекеті жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сауықтыру жұмыстарының жүйелі жүргізілуінің нәтижесінде өткен оқу жылымен салыстырылғанда биылғы жылы баланың физикалық және функциялық дамуы жоғары, саматикалық тұмау ауру көрсеткіштері төменжұпалы және ішек аурулары мүлдем жоқ болған. Аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін ескерген, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн.
Балалардың денсаулығын нығайтуда спортқа әуестендіріп, күн тәртібі ережелерін сақтай білуге, жаңа инновациялық жолдар арқылы шынықтырып, салауаттылыққа тәрбиелеуіміз қажет. Жан-жақты физикалық жетілген және денсаулығы жақсы баланы өсіріп тәрбиелеу – әрбір ата-ана мен балабақшаның міндеті.
Ертеде шығыс ғұламаларына 10 жылдығын ойлаған тал өсіреді, 100 жылдығын ойлаған бала өсіреді деп ертеде шығыс ғұламалары айтқандай, осындай жұмыстардың жүйелі жүргізілуінің барысында жасөспірімдердің денсаулығы жан-жақты дамыған, салауатты өмірді насихаттаушы,ән ұранымызды шырқатып, көк байрақты желбірететін салауатты өмір салтына лайық,талабы мен жүрегінде оты бар балалардың үмітіне дәнекер болып жатсақ қана,егеменді еліміздің ертеңі болар жас ұрпақ тәрбиелей аламыз дегендей осындай жұмыстардың жүйелі жүргізілуінің барысында ғана біз баланың денсаулығы жан-жақты дамыған, салауатты өмірді насихаттаушы, «Нұрын,сырын көруге,көкірегінде болсын көз»дегендей талабы мен жүрегінде оты бар балалардың үмітіне дәнекер болып жатсақ қана Егеменді еліміздің ертеңі болар жас ұрпақ тәрбиелей аламыз.
Коканов К.