Жаңа ауданды «Қараөткел» ауданы деп аталуын ұсынамыз

Астана қаласының әкімдігінің хабарламасына сай, халық санының өсуіне және аумақтың қала құрылысы инфрақұрылымының белсенді дамуына байланысты, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық басқаруды оңтайландыру мақсатында Астана қаласында Алматы ауданын қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған. Осыған байланысты Алматы ауданын екі бөлікке бөлу көзделіп отыр. Келешекте Алматы ауданы өзінің тарихи атауын сақтайтыны заңды, ал екінші ауданның атауы туралы ұсынысымызды тұжырымдап, Астана қаласының әкімі мен мен Астана қалалық маслихат депутаттарының назарына ұсынамыз.
Ол үшін әуелі Астана қаласының ықылым заманнан бергі тарихына көз жүгіртейік. Белгілі ғалым Ж.Артықбаевтың зертерулеріне қарағанда, осы орталық қаламыз орналсқан аумақта Қараөткел атты елді мекен ерте замандардан бері Ұлы дала¬ның ірі сауда орта¬лықтарының бірі болған. Оны Қараөткел аумағындағы ерте түрік елдерінің толып жатқан қорған обалары мен қалалық қоныстары ағақтайды. Қазақтың ауыз әдебиетінде Қараөткел атауы жиі кезігеді. Атақты Ғазиз ақын: «Атандым Ғазиз ақын бала жастан, Ақын жоқ Қараөткелде менен асқан» деп шырқаған. Қараөткел атауы, саналы өмірін қазақ тарихы мен өмір-тірлігін зерттеуге арнаған, орыстың белгілі ғалымы Г.Потанин еңбектерінде кездеседі. Алаш көсемі Ә.Бөкейхан Г.Потанинге арналған еңбегінде былай деп жазып кеткен: «Қазақты автономия қылсақ, Қараөткел Алаштың ортасы, сонда университет салып, қазақтың ұлын, қызын оқытсақ, «Қозы Көрпеш – Баянды» шығарған, Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Еуропа сонда білер еді-ау» дейтін Григории Николаевич», – еді деп оған арналған жоғары бағасын берген. Қазақтың бағына Г. Потаниннің көрегендігі қабыл болып, Қараөткел қазақ баласы ұрпақтар ғасырлар бойы армандаған тәуелсіз Қазақстанның орталығына айналды. Тарихы терең ежелгі Қараөткел елді мекенінде жасампаз Астана қаласы орнықты.
Ертедегі Ақмола деп аталып жүрген қаланың Орталық универмагі, кейіндері «Сине Темпоре» сауда орталығы, ал қазір «ІKomek” орталығы орналасқан ғимараттың ірге тасында Керуен сарай, ХІХ ғасырдың барлаушы Ресей офицерлері «Гостинный двор» деп атаған құрылыс ғимараты орын тепкен. Ежелден Қараөткел сауда орталығы болған. Ертедегі Қазан, Астрахан, Еуро-падан дүние-заттар тасыған керуендер қазіргі Кене¬сары көшесінің бойында Түркіс¬таннан келген керуендермен тоғысады да алмасу, алып-саттық сауда қызады. Кенесары көшесі ол кез¬де Үлкен базар көшесі аталған. Сондықтан аталған Керуен сарай ерте заманда салынғаны анық. Қалың жұртқа белгілі көпес Қосшығұловтар 1890 жылы Қара¬өткелдің тура ортасында қа¬зына қаржысына «Керуен сарай», орысша «Гостиный дворды» қайтадан қалпына келтірген. 1864 жылғы санақ бойын¬ша Қараөткелде 4777 адам өмір сүрген. Осы кезеңде қала 25 шаршы шақырым аймақты алып жатқан.
Қорытып айтар болсақ, Қазақстан Республикасының астаналық орталық қаласының тарихи түп-тамыры ежелгі заманнан жалғасып келе жатқанын осы және кейінгі ұрпақтар біле жүруі үшін, Еліміздің кең байтақ жерінде бұрындары орныққан киелі елді мекендердің атаулары ұмытылмас үшін, тарихи мекендердің атауларының жалғастығын үзбеу үшін – Астана қаласының жаңа ауданын «Қараөткел» ауданы деп аталуын қалың жұртшылықтың және құзыретті лауазым иелерінің қолдауларын өтінеміз.

Нақыпбек Садуақастегі,
заңгер-құқықтанушы,
публицист