Сот кабинетінің мүмкіндігі мол

2014 жылы сот органдарының қызмет көрсетулеріне қолжетімділіктің жалғыз терезесі болып табылатын «Сот кабинеті» электрондық сервисі іске қосылды.
«Сот кабинеті» сервисі электрондық өзара іс-қимыл, сондай-ақ сот органдарының жеделділігі, қолжетімділігі мен ашықтығы арқылы сот ісін жүргізуді жеңілдетуге арналған сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтерін қолдануға мүмкіндік беретін біртұтас терезе, ол арқылы азаматтар, олардың өкілдері немесе адвокаттары ғаламтордың көмегімен өтініштері мен арыздарын электронды түрде жібере алады. Сонымен бірге, мелекеттік бажды онлайн режимінде төлеу, сот құжаттарын қарау, істің тарихымен танысу мүмкіндіктері де қарастырылған.
«Сот кабинеті» сервисі біртіндеп қағаз құжат айналымынан бас тартатуға, ол өз кезегінде соттарда электрондық сот ісін жүргізудің жаңа сатысына көшуге мүмкіндік береді.
«Сот кабинеті» арқылы азаматтар мен заңды тұлғалардың кез-келгені сотқа келіп әуре-сарсаңға түспей, ыңғайлы уақытта үйде немесе кеңседен шықпай-ақ онлайн режимде электронды түрде арыздарды, талап арыздырды беруге, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, сондай-ақ істің қаралу барысын бақылауға мүмкіндік алады.
«Сот кабинеті» сервисіне тіркелу үшін алдымен, халыққа қызмет көрсету орталығында электронды цифрлық қолтаңба алуы қажет. «Сот кабинеті» сервисіне тіркелген әрбір тұлға электронды құжаттарды беру жүйесін пайдаланушы болып саналады.
Аталған сервис біртіндеп қағаз құжат айналымынан бас тартуға, ол өз кезегінде соттарда электрондық сот ісін жүргізудің жаңа сатысына көшуге мүмкіндік береді.
«Сот кабинеті» сервисін іске қосқан сәттен бастап оның мүмкіндіктері тиісті түрде бағаланды: сервисті халық кең пайдалануда және адвокаттар мен кәсіпкерлердің тиімді жұмысына көмектесуге, азаматтардың құқықтық мәдениетін жетілдіруге және өздерінің конституциялық құқықтарын қорғауға ықпал етеді.
Сервистің қағаз түрінен ерекшелігі электрондық нысанда талап арыздарды, сот хаттамасын беру туралы арызды, хаттамаға ескерту-арызды беруге, электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, электрондық қадағалау іс жүргізуіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ пайдаланушыға ыңғайлы кез-келген орындағы интернет желісі арқылы мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге берілген мүмкіндік болып табылады.
Сот кабинетіне кіру үшін міндетті түрде электрондық цифрлық қолтанба (одан әрі — ЭЦҚ) болуы қажет.
Сот кабинеті халықтың сот органдарының электрондық сервистеріне бір терезеден қол жеткізуін қамтамасыз етеді.ъСонымен бірге, сот кабинеті арқылы сотқа талап қоюлар (арыздар) мен әкімшілік құқық бұзушылық істерді де жолдау қарастырылған. Сотқа барлық түскен талап қоюлар (арыздар) мен әкімшілік құқық бұзушылық істердің 99% аталған сервис арқылы түсуде.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты интернет-ресурсының «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі сот органдарының азаматтар мен ұйымдарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мен мерзімін қысқарту болғандықтан, осы сервисті пайдалануға шақырамыз.

А.Т.Иманбекова
Мұғалжар аудандық сотының
сот әкімшісінің басшысы