EgovKzBot қызметтері Telegramm желісінде қолжетімді

Мұғалжар аудандық сотының ғимаратында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ-ның Ақтөбе облысы бойынша филиалының Қандыағаш қаласы халыққа қызмет көрсету бөлімінің қызметкері А.В.Елеусова сот қызметкерлеріне қызметтер алу бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Түсіндіру барысында А.В.Елеусова смартфон телефонына «Telegramm» қосымшасын жүктеп алу арқылы корпорацияның көптеген қызметтерін үйден шықпай, ЭЦҚ-нің көмегінсіз және ХҚКО бармай-ақ қолжетімді екендігін атап өтті. Аталған жаңашылдық ең қажетті 24 түрлі қызмет түрлерін алуға мүмкіндік беретінін, оның ішінде, мекен-жай анықтамасы, меншік құқығы тіркелген/тіркелмегені туралы, психоневрологиялық және наркологиялық ұйымда есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы, зейнетақы жинағы туралы анықтамалар және балалар бақшасына кезектің нөмірін қарау, ХҚКО-на кезекке тұру, үйге дәрігер шақыру және басқа да қызметтер.   

         Шара соңында сот қызметкерлері өз алғыстарын білдіріп, аталған сервистің мемлекеттік қызметшілер үшін тиімділігін атап өтті.

К.Ж.Килбаева

          Мұғалжар аудандық соты