Нұр-Султан қаласының полицейлері синтетикалық есірткі сатушыларды қолға түсірді

Синтетикалық есірткі таратудың жолын кесу бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде.
Нұр-Сұлтан қ.Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы әрекет ету басқармасының полицейлері елордада 31-жасар Алматы тұрғынын қолға түсірді. Тергеу әрекеттерін жүргізу барсыныда 38 «МДМА», Экстази», «марихуана», сатуға дайындап қойған есірткінің 8 данасы және оның атына жалған жеке куәлігі анықталып, тәркіленді.
Жедел іс-шарасының жалғасуында Алматы қаласында күдіктінің тұрып жатқан мекен-жайынан астаналық полицейлер әрі қарай сатуға дайындап қойған 300 гр. артық синтетикалық есірткі тәркіледі.
Тергеу барысында ұсталған өткен жылдың желтоқсан айынан синтетикалық есірткіні жасырын орындарға салу арқылы, сонымен қатар еліміздің басқа өңірлеріне почтамен жөнелту арқылы тарататыны анықталған.
Елордалық полицейлер ҚР ішкі істер министрлігінің есірткіге қарсы департаменті және шымкенттік полицейлермен бірігіп, оны сыбайласы, 29-жасар әйелді, Шымкент тұрғынын анықтап, одан 1600 таблетка- психотроптық құрал, марихуана және жалған жеке куәлік тәркіледі.
Нәтижесінде аса ірі көлемде, жарты килограмм есірткі заттары тәркіленді.
Қазіргі таңда ұсталғанның тағы да қылмыстық байланысты тұрған сыбайластарын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жалғасуда. Тергеу жүргізілуде.
ҚР заңнамасымен («Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы») Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне енгізілген өзгерістер синтетикалық есірткіні және оның аналогтарын таратуға қатысы бар тұлғаларды қылмыстық жазаға тартуға мүмкіндік тудырып отыр.

Нұр-Сұлтан қ.
ПД баспасөз қызметі