Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту азаматтық борышымыз

Бүгінгі таңда жемқорлық мәселесі тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа да елдері үшін аса өзекті мәселе болып табылады. Біздің елімізде бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің ең бірінші кезектегі міндетіне айналды.
Қоғамға зор қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып отыр.
Біз жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл жолда жетістіктеріміз де аз емес. Ал шешімі күрделі мәселелер де бар. Ол-әлеуметтік мәселе. Бұл салада қоғам өмірінде түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселе, ол-жемқорлық.
Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп–қатерлерінің бірі болып саналғандықтан, оның алдын алу және болдырмау үшін құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған іс-қимыл стратегиясы» 2014 жылы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің № 986 Жарлығымен бекітілді. Аталған заңның мүлтіксіз орындалуы әрбір мемлекеттік мекемеде жұмыс атқарып отырған адамдарға зор жауапкершілік артатыны баршамызға белгілі.Сондықтан осы заңда көрсетілген тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соқтыратын сыбайлас жемқорылық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге барғызбау барлығымыздың міндетіміз болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономикалық құру, инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасы таба беретіні анық.
Сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жоюға бағытталған, жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру және алдын алу шараларын күшейту қажеттігін түсіне отырып, елде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы сот жүйесінің рөлі аса маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейі қалыптасып, қоғам мен мемлекет арасында тығыз байланыс орнаған жағдайда ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нәтижелі болады.
Қорытындылап айтқанда, жемқорлықпен күрес ең алдымен адами факторлардың таным-түсінігіне,рухани кемелдігіне де байланысты. Сондықтан жемқорлықпен күрес жүйелі әрі тиімді тетіктерді іске қосқанда ғана оң нәтиже бермек.

Ақмола гарнизоны әскери
сотының жетекші маманы
Турсынбекова А.