«Қазақ тілі – Қазақстан халкын біріктіретін тіл» — деп Елбасы атап көрсеткен. Тарихи тәжірбиге көз жүгіртсек болсақ, әр ұлт өз тілін сүйіп, құрметтейтін болса, оның елі әлемдік құрметке бөленіп, елдің дәулетті шарықтай түсетіні баршамызға хақ.
Әрине өзге тілдерді және ресми тілді қадірлеуміз қажет екені даусыз. Бірақ өзіміздің мемелекеттік тілімізді қадірлеп, дамытуына баршамыз үлесімізді қосуымыз қажет деп санаймын.
Елбасымыздың Жолдауларында да, Тілдерді дамытумен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да мемлекеттік тілді дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашып көрсетілген.
Қазақ тілінің маңыздылығын және қолданыс аясын кеңейту сонау Алаш зиялыларынан бастап бір ғасырдан бері айтылып, жазылып келеді. «Тіл туралы» Заң қабылданып, барлық мекемелерде соның ішінде құқыққорғау, сот органдарында тиісті бағдарламалар, ұсыныстар, мақалалар бар. Сот саласында да мемлекеттік тілді дамытуға байланысты ережелер, бағдарларар, сабақтар шаралар көп. Жылдан-жылға әр түрлі байқаулар, конкрустар жүзеге асырылуда. Оның барлығы міндетті түрде өз септігін тигізуде. Ата заңымыз бойынша қазақ тілі – Қазақстанда мемлекеттік тіл.
Бүгінгі таңда шын мәнінде толыққанды мемлекеттік тіл болуы үшін азаматтар тарапынан да, мемлекет тарапынан да атқарылатын іс көп.
Ал енді өзіміздің жұмысымызға тілге байланысты мәселеге тоқталатын болсақ.
ҚР ҚПК-нің 30-бабының 1-бөлігінде көрсетілгендей Қазақстан Республикасында қылмыстық сот iсiн жүргiзу қазақ тілінде жүргiзiледi, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған кезде басқа тiлдер де қолданылатаны екені баршаңызға мәлім.
Менің ойымша қылмыстық сот өндірісінде осы Заңның ережесінің сақталуы біріншіден сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына байланысты.
Өйткені, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің алғашқы кезінде тергеуші, анықтаушы, анқтаушыға теңестірлген жедел уәкіл қызметкері, анықтауды жүзеге асыратын инспекторлар сезіктіге құқықтарын түсіндіргенде іс өндірісін қай тілде жетік меңгеретінін немесе өзінің ана тілінде беруге болытынын дұрыс түснідіру қажет. Нақты осы сатыда дұрыс түсіндірлсе, ары қарай ҚПК-нің тіл туралы мәселесінің бұзылуына әкеп соқтырмайды.
Біздің мемлекеттік тіліміз қазақ тілі екенін әр қайсымыз ұмытпауымыз керек.
Егер де қылмыстық процесті жүргізетін орган істі орыс тілінде немесе басқа тілдерде жүргізу қажет болған кезде, сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді қаулы шығарады.
Алайда, сотта қылмыстық істі қараған кезде тәжірибе көрсеткендей кей-бір жағдайларда бұл мәселе сөз жүзінде ғана қалып қоятын сияқты. Соның бірі – тіл туралы заңның кей жағдайда орындалмауының немесе бұрмалауына қатысты.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде орыс тілінде жүргізіліп, орыс тілінде түскен қылмыстық істерді сотта қараған кезде кей-бір жағдайда сотталушылардың ресми орыс тілін жетік меңгермейтініне қарамастан, ол қазақ тілінде сайрап тұрғанына қарамастан, тергеушілер мен анықтаушылар өздері орыс тілін жетік меңгермегендіктен іс өндірісін сол орыс тілінде жүргізеді. Ондай фактілер заң талаптыран өрекскел бұзу және ақылға қонымсыз.
Бір мысал, Орал қалалық сотымен Галимовқа қатысты қылмыстық іс қарғанда Орал қалалық полиция басқармасының инспекторы іс өндірісін орыс тілінде жүргізген.
Ал, сот мәжілісінде Галимов орыс тілін мүлдем меңгермейтінін, Казаталов ауданыда туып, өсіп, орта мектепті қазақ тілінде оқығанын, және бұрын сотталып, сол бұрыңғы сотталғаны бойынша қазақ тілінде жүргізілгеніне, істе қазақ тіліндегі үкім болуына қарамастан іс өндірісін орыс тілінде жүргізген. Сот мәжілсінің алғашқы минуттарында оның жеке басылық анкеталық мәлметтерді анықтау барысында мүлдем орыс тілін білмей, орыс тілінде жеке басына байланысты қойылған қарапайым сұрақтарға жуап бере алмаған.
Сол себептен, сот, іс өндірісін қазақ тіліне өзгертіп, полиция басқармасының бастығының атына жекеше қаулы шығарылған.
Біз бір мәселені түсінуміз керек, іс өндірісін жүргізетін лауазымды тұлғаға қай тіл ыңғайлы сол тілде жүргізу емес, ал сезікті қай тілде жетік меңгереді немесе қай тілді таңдайды сол тілде жүргізуміз керек.
Ал сол іс өндірісі таңдалған тілді егер жәбірленушілер, куәлар меңгермесе оларға аудармашы қатыстыру керек. Бұл айдан анық мәселе болғанымен сотта тергеушілер мен анықтаушылардың бұзған фактілерді, дұрыстап жатырмыз.
Егер іс бойынша іс өндіріс тілі қазақ тілі болып таңдалса, ал екінші сезікті қазақ тілін меңгермесе оған аудармашы қатыстыру керек және ол іс құжаттары орыс тіліне аударылу керек. Сезіктіге берілетін қажетті процестік құжаттар орыс тіліне аударма жүргізіліп, берілуі тиіс.
Тәжірибеде сотқа түскен қылмыстық істерде айыптау актісі бірден екі тілде түседі. Ол дұрыс емес егер сот іс жүргізу тілі — қазақ тілі болып таңдалса, айыптау актісі қазақ тілінде болуы тиіс, оның аудармасы орыс тілінде болуы тиіс.
Сотта іс қаралу барысында куәларды жауаптаған кезде ол орыс тілін меңгермеуіне қарамастан, тергеу кезінде тергеушімен орыс тілінде жауапталған. Сондықтан, сотта тараптардың құқығы бұзылмау мақсатында аудармашыны қатыстырамыз.
Тіпті өмір бойы ауылда тұрып, мектепті қазақ тілін бітіріп, орыс тілін меңгермейтін тұлғаларға қатысты іс өндірісі орыс тілінде жүргізу фактілері анықталады. Соныдықтан сот өзіміз сол тұлға орыс тілін білемегендігін көзіміз жеткесін, анықтағасын сот өндіріс тілін арызының негізінде қазақ тіліне ауыстыруға мәжбүр боламыз.
Сонда көбінесе қазақ тілінде жүргізуінің орнына орыс тілінде жүргізеді.
Меніңше сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына орыс тілінде жүргізуіне ыңғайлы сияқты.
Оған бір объективті себептер бар деп санаймын.
Көбінесе тергеушілер мен анықтаушылар мектебін, жоғарғы оқу орындарын орыс тілінде тәмамдаған. Бірақ соған қарамастан, әлде де қазақ тілі өзіміздің ана тіліміз болғасын қай кезде де үйренген кеш емес.
Менің ойымша әр органның басшысы осы мәселені бақылауға алу керек.
Орал қалалық сотымен 2017 жылы 1298 тұлғаға 1120 қылмыстық іс өндірісімен аяқталса соның 310 тұлғаға 241 қылмыстық іс мемлекеттік тілде аяқталған 21,5 % пайызды құрайды. 2018 жылы 995 тұлғаға 875 қылмыстық іс өндірісімен аяқталса соның 175 тұлғаға 146 қылмыстық іс мемлекеттік тілде аяқталған 16,6 % пайызды құрайды. 2019 жылдың 6 айдың қорытындысы бойынша 374 қылмыстың істің 87 тұлғаға 71 қылмыстық іс мемлекеттік тілде аяқталған ол 18,9 % құрайды. Орал қалалық сотына төрағамен қосқанда 8 судья қызмет атқарса, соның 5 судьясы мемлекеттік тілде жетік біліп екі тілде де қылмстық істерді қарайды. Қылмыстық істерді мемлекеттік тілде қарауда ешқандай қиындықтар жоқ.
Тек бір ғана бүгінгі таңда шешілмеген мәселе. Ол Орал қалалық сотында аудармашы деген штат жоқ.
Құрметті әріптестер мен дөңгелек үстелге қатысушылар, қорыта келе, Ата-баба арманы мен келер ұрпақтың болашағы алдындағы жауапкершілігімізді сезіне алсақ, дәл қазіргі кезеңде қазақ тілін дамыту жолында пәрменді шаралар ойластырып, дәрменді үлес қосуымыз керек.
Халел Досмұхамедұлы сөздері бар.
«Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесің, бұл – сүйініш.
Ана тілін білмей тұрып, бөтенше сөйлесең, бұл күйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру – зор қате» — деген.
Ең алдымен, өзін қазақпын деп есептейтін азаматтар, ана тілінің қадір-қаисетін білетіндер қолдағы мүмкіндіктерді пайдаланып, игілікті істерге мұрындық болуы – өз борышымыз.
Оған қоса, қазақ тілін дамыту – тікелей мемлекеттің міндеті. Ал біз мемлекеттік қызметкерлер болғасын, демек біздің міндетіміз. Дәл осы мемлекет болмаса, басқа ешбір жерде қазақ тілі өркен жайып, өрісін ұлғайта алмайтындығы айдан анық.
Дана халқымыз: «Ана сүті – бойыңды өсіреді, ана тілі – ойыңды өсіреді» деген. Тіл құрал, ол ойды жеткізудің құралы. Тілді дамыту үшін әуелі ой дамуы керек. Сондықтан біз ойымызды дамытуымыз керек және тұлғаның қазақша ойлануына ықпалымызды тигізуіміз керек.
Жұмағұлов Р.Н.
Орал қалалық сотының судьясы