Дамыған елдерде даулардың басым көпшілігі медиация рәсімімен шешіледі.
Медиация дегеніміз – медиатор адамның жәрдемдесуімен, екі тарапты да қанағаттандыратын, өзара қолайлы бір шешімге қол жеткізіп, арадағы дауды жазбаша келісім жасау арқылы реттеу рәсімі болып табылады.
Кез-келген, яғни қарызды өндіру, отбасылық (алимент өндіру, некеге, балаларға қатысты даулар т.б.), көршілер арасындағы, еңбек даулары, мұрагерлік, сақтандыру шарттары, сатып алу-сату, медициналық қызмет көрсетуге байланысты және басқа да дауларды медиация рәсімімен реттеуге болады.
Дауды соттан тыс шешуге мүмкіндік бола тұра, мемлекеттік баж төленіп, сотқа талап арыздар беріліп, уақыт жоғалтып, азаматтар соттасуда. Дауласушы екі жақта әрбір уәжін сотта дәлелдеуге бар күш салып, соттың қабылдаған шешімін күтеді. Келіспеген тарап сот шешімін даулап, әрі қарай екі тарапта дауласып, уақыт жоғалтады немесе бір ай бойы сот шешімінің заңды күшіне енуін күтеді. Арыз сотта заңда көзделген тәртіппен қаралады, кейбір даулар жан-жақты зерттеуді, ұзақ уақыт қаралуды қажет етеді. Куәлар, мамандар сұралуы, сараптамалар тағайындалуы мүмкін. Сот шешімі пайдасына шықпаған тарапқа іс бойынша жұмсалған шықындарды өтеу жүктеледі. Арыз қанағаттандырылған жағдайда арыз беруші жеке сот орындаушымен сот шешімі мәжбүрлеп орындалғанша күтеді, ал жауапкерге қосымша шығындар, оның ішінде жеке сот орындаушының қызметақысын төлеу жүктеледі.
Медиацияның тиімділігі — уақытты үнемдеу, тараптар өздері қысқа уақытта дауды реттеу бойынша өзара қолайлы бір шешімге келу, бір мезгілде басқа да дауларды реттеуге болатыны, ерікті түрде жасалған келісім белгіленген укақытта орындалуы, сол дау екінші рет басқа еш жерде қаралмайтыны, дауды тоқтатуы, жақсы-қарымқатынаста қалу, артық шығындарға жол бермеу болып табылады.
Екі тарапқа да дауласу, алтын уақыттарын жоғалту, артық шығындар жұмсау қажеттілігі жоқ, сондықтан тоқтату үшін кез келген дауды медиация рәсімімен шешкен дұрыс.
Медиациялық келісім ерікті түрде орындалмаған жағдайда, сот бұйрығы негізінде мәжбүрлеп орындатуға жатады.
Сонымен қатар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша және отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, ұрып-соғуға қатысты әкімшілік істер бойынша да медиация рәсімімен істі тоқтатуға, дауды толық реттеуге болады.
Қазіргі уақытта барлық жергілікті жерлерде дауды реттеуге жәрдем көрсететін медиаторлар жұмыс жасауда.
Аятов Ж.
Ақтөбе обласы
Әйтеке би ауданық соты