Негізгі құжат АТА ЗАҢ — халқымыздың бүгіні мен болашағы
«Конституция» — латын тілінен аударғанда «құрылыс» деген ұғымды береді. Яғни, өміріміздің, тыныс-тіршілігіміздің ел-жұрт болып бірігіп мемлекет құруымыздың айғағы болып табылады. 1995 жылдың 30 тамызында Республикалық референдумда қабылданған Конституция еліміздің стратегиялық мақсатын айқындаған және дәйекті түрде жүзеге асырған, қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игі-лігін көздейтін экономикалық даму, қоғамды демократияландыру мен белсенді саяси өмір саласындағы қол жеткізген табыстардың қайнар көзі болып отыр. Конституция Қазақстанда демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекетті орнықтырумен қатар мемлекеттің басты мақсаттарын, яғни мемлекетіміздің ең жоғарғы…




