Бағымыздың кілті
Мемлекеттік тіл – қазақ тілін меңгеру елінің болашағын ойлайтын әрбір Қазақстан азаматының парызы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабында атап көрсеткендей, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Ал Тіл туралы Заңының 4-бабында «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» деп нақты атап көрсетілген. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі екені айқын. Мемлекеттік органдардың…





