Татуласу рәсімдері
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде татуласу рәсімдері және дауды бітімгершілікпен, медиация тәртібімен немесе партисипативтік рәсімдер тәртібі арқылы реттеу кеңінен қарастырылған. Татуласу рәсімдері дауласқан тарапты бітімгершілікке шақырып, дауды тату келісіммен шешуге, оларды татуластыруға, туындаған дауға байланысты уақыттары мен қаражаттарын үнемдеуге бағытталған және оның жасалу, бекітілу және орындалу ерекшеліктері Азаматтық процестік кодексте нақты көрсетілген. Сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі. Тараптар татуласу келісімін, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен…




