«Отбасындағы жанжалдар мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотының судьялары София Ахмерова мен Шынар Шайдиева қала әкімдігінің ұйымдастырумен өткен «Отбасындағы жанжалдар мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстел жұмысына құқыққорғау органдары, білім беру саласының, АХАТ, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары орталығы, судьялар, адвокаттар, медицина қызметкерлері, психологтар, ҮЕҰ мен жастар қатысты. Іс шара мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның құрбандарына әлеуметтік көмек пен құқықтық көмек көрсетудің тетіктерін арттыру, дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды нығайту, жас ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыруға бағытталды….






