Алматыда Қазақстан мен Үндістан Жоғарғы соттары төрағаларының кездесуі өтті
Қазақстан мен Үндістан Жоғарғы Соттарының төрағалары Асламбек Мерғалиев пен Дхананджайя Чандрачуд Алматыда өткен кездесу барысында өзара іс-қимылдың алдағы уақыттағы аспектілерін талқылады. Кездесуге ҚР Сот әкімшілігінің басшысы, Халықаралық Сот әкімшілігі қауымдастығының Орталық Азия және Үндістан өңірі бойынша вице-президенті Наиль Ахметзакиров және Алматы қалалық сотының төрағасы, ТМД Экономикалық сотының судьясы Асқар Смайылов қатысты. Қонаққа сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Сонымен қатар, азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларды қараудың жаңа ережелерін белгілеген әкімшілік әділеттің тиімділігі,…








