Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Д. мен М-ға қатысты істі кассациялық тәртіпте қарады
Сот үкімімен кәмелетке толмаған Д. ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 9), 14) тармақтарымен (кәмелетке толмағанға қатысты бұзақылық ниетпен жасалған кісі өлтіру) кінәлі деп танылып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Кәмелетке толмаған М., ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен (қару қолдана отырып бұзақылық) кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 4 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Сот алқасы іс материалдары мен келтірілген дәлелдерді зерделей келе, Д. мен М.-ның кінәсі дәлелденді деген қорытындыға келді. Туындаған жанжал кезінде Д.-ның жәбірленуші И.-ны пышақтап…









