Ата Заң Тәуелсіздіктің негізгі құндылығы
Биыл Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясына 28 жыл. Ата Заң — мемлекеттіліктің ең маңызды белгісі, барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие мемлекеттің негізгі заңы болып табылады. Мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық төлқұжаты. Еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап өзін егеменді, демократиялық мемлекет ретінде қалыптастырудың күрделі жолын еңсерді. Егемендігімізді жарияланған сәттен бастап мемлекетіміздің конституциялық дамуының жаңа кезеңі басталды. Ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк…








