Сенаторлар көппәтерлі үйлерді тиімді басқарудың құқықтық негізін қалыптастыратын заңды мақұлдады
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар күн тәртібіне шығарылған мәселелерді қарап, өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады. Отырыста алғаш қаралған мәселе – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң. Құжатта кондоминиум нысанын басқарудың жеке үлгісі – тікелей бірлесіп басқаруды қалыптастыру қарастырылған. Сондай-ақ ауылда өз қызметкерлері үшін тұрғын үй салатын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау мәселесі енгізіледі. Бұл норма Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленді. Сенаторлар заңдағы жаңашылдықтарды тұжырымдамалық тұрғыдан қолдай отырып, оның…








