Нұр-Сұлтан полицейлері жаңа оқу жылындағы жол қауіпсіздігін еске салады
22 тамыз бен 12 қыркүйек аралығында елорда аумағында жаңа оқу жылының басталуы кезеңінде қоғамның назарын балалардың жол-көлік жарақаттары мәселесіне аудару мақсатында «Назар аударыңыз, балалар» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. «Барлық оқушылар мен олардың ата-аналарын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Мемлекет басшысының балалар жылында өскелең ұрпақты қорғаудың тиімділігін арттыру бойынша қойған міндеттерін іске асыруға ерекше көңіл бөлінеді. Балалардың қауіпсіздігі елордалық полиция жұмысындағы басты бағыттардың бірі болып табылады», — деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы генерал-майор Марат Төлебаев. Полиция қызметкерлері…








