Қазақстанның Сыртқы істер министрі жұмыс сапарымен Бельгияға барды
Бельгияға жұмыс сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Бельгияның Вице-Премьер-министрі – Сыртқы істер министрі Софи Вильмес, Еуроодақ Президентінің Сыртқы саясат жөніндегі бас кеңесшісі Саймон Мордю, Еуропалық Одақтың Адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілі Имон Гилмор, Еуропалық сыртқы іс-қимылдар қызметінің бас хатшысы Стефано Санино, сондай-ақ Еуроодақтың Орталық Азия бойынша Арнайы өкілі Терри Хакаламен бөлек келіссөздер жүргізді. Қазақстан мен Еуропалық Одақ екіжақты қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара тиімді, көпжоспарлы ынтымақтастықты дамыту ниетін растады. Қазақстан СІМ басшысы…








