АНТИКОРДЫҢ «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ЖАҢА ЖОБАСЫ» ПАРАСАТТЫЛЫҚҚА ШАҚЫРАДЫ
Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Парасат жолы» жобасы салтанатты түрде таныстырылды. Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев, мәдениет және спорт Министрі Ақтоты Райымқұлова, профессор, филология ғылымдарының докторы Шәкір Ыбыраев, мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиев, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақұштап Бақтыгереева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Баянғали Әлімжанов, Көпен Әмірбек, Ерік Жолжақсынов, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан мұсылмандары…