Басты ұстаным – әділдік, парасаттылық және сенім (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевпен сұхбат)
– Алик Жатқамбайұлы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мемлекеттік органдардың қызметін қоғамның сенімін арттыруға бағытталғаны белгілі. Жалпы, бұл жөнінде не айтасыз? – Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағатталған мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық басымдығы болып саналады. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы қалыптасты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық тәжірибесіне әлем мойындаған халықаралық қағидаттар мен стандарттарды енгізу басты шарттардың бірі. Қазірг таңда агенттік азаматтар мен мемлекеттік институттарды жемқорлықтан қорғайтын ашық, кәсіби және тиімді құқық қорғау…








