Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары екіжақты және көпжақты тректердегі ынтымақтастық перспективаларын талқылады
2019 жылғы 8-9 қазанда Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Қазақстан Республикасына ресми сапары өтті. Сапар аясында Қазақстан мен Ресей сыртқы саяси ведомстволарының басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Тараптар саяси, экономикалық салалардағы, транзит-көліктік, энергетикалық, әскери-техникалық салалардағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын, ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ШЫҰ және АӨСШК сияқты халықаралық ұйымдар мен өңірлік интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады. Өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті аспектілері, оның ішінде жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Сирия…





