Билер соты — ұлттық құндылық
Би – халықтың көкейіндегісін айтқан, көмейіндегісін жарыққа шығарған әділет жақшысы. Билер даулы мәселені түйінді төрт-ақ ауыз сөзбен шешіп оырған. Ертедегі бір бидің өзі осы күнгі соттың да, прокурордың да, адвокаттың да, қаншама мекеме, ұйым басшыларының да қызметін атқарып келген. Атқарғанда да ол билердің кесім, бітімі көпшіліктің көзінше ашық аспан астында айдан анық жария боп отырған. Ешқандай құпия, алдын-ала ымыраласу, пәтуаласу деген болмаған. Билер өзінің сөзін, шешімін көпшілікке салып, «Ал, халайық, бұған не дейсіздер, ризамысыңдар? деп мақұлдасып отырған. Бұдан артық…









