Мемлекеттік тілде сот төрелегі
Қазіргі кезде көтеріліп жүрген мәселелердің бірі — қазақ тілін мемлекеттік деңгейде қоғамдық қатынастардың барлық саласында, оның ішінде мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізуде және т.б., мәртебесін көтеру. Елбасы Н.Назарбаев «Мемлекеттік маңыздағы мәселе — мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекеттік тіл — бұл Отан бастау алатын ту, елтаңба, әнұран секілді дәл сондай нышан. Және ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс» деп көрсеткен. Азаматтық процестік кодекстің 14-бабы бойынша, азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен…









