ҚРКФ төрағасы: «Маңғыстаудың мұнай-газ өндіруші кәсіпорындарында ұжымдық шарттардың көрнекті үлгілері бар»
Төраға Сатыбалды Дәулеталин бастаған ҚР Кәсіподақтар федерациясы делегациясының Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында өңірдің екі ірі мұнай-газ өндіруші кәсіпорындарында — «Маңғыстаумұнайгаз» және «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамдарында әлеуметтік әріптестермен кездесулер өтті. «Қаражанбасмұнай» АҚ – Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорны, оның акциялары «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясы мен Қытайдың China International Trust and Investment Corporation (CITIC) компаниясына тең дәрежеде тиесілі. Инвесторлар арасындағы келісімшарт 2 035 жылға дейін есептелген. Кәсіпорын өндіретін мұнай көлемі 90 млн тонна, қалдық қоры 305 млн тоннаны құрайды. Кәсіпорында 4 608 адам жұмыс…









