Сот актілеріне шағымдану тәртібі
Қылмыстық істер бойынша сот актілері, яғни үкім мен қаулыға апелляциялық шағым жасау құқығы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi негізінде, сотталған не ақталған адамға, қорғаушыларға, оның ішінде үкім жария етілгенен кейін іс бойынша оны жүргізуге кіріскен қорғаушыларға, өкілдерге, жәбірлеушіге тиесілі. Сонымен қатар, егер сот қаулысы басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне де қатысты болса, онда олар осы қаулыға шағым жасауға құқылы. Жергілікті бірінші сатыдағы соттардың заңды күшіне енбеген бұл үкімдерге түскен осы апелляциялық (жекеше) шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын, тиісті облыстық соттардың апелляциялық…









