Тәуелсіздіктің тұғыр тасы мемлекеттік тіл десек артық болмасы анық
Еліміз тәуелсіздік алардың қарсаңында, 1989 жылы қабылданған Тіл туралы заңда: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі» деп тұңғыш рет атап көрсетіліп, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Қазақстан Республикасы Конститутциясының 7-бабында: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл –қазақ тілі» екендігі баян етіліп, заңды түрде күшіне енді. Сөйтіп, қазақ тілі дамуының жаңа кезеңі басталған болатын. Сол уақыттан бері қазақ тілінің тынысы ашылып, қоғам өңірінің бірқатар салаларында қолданыс аясы кеңейе түскені рас. Ең бастысы-ана тіліміздің тағдырына алаңдайтын халқымыздың үміті оянып, тіліміздің болашағына сеніммен қарайтын болды….









