Жастардың әлеуетін тиімді қолдану қажет
Елімізде мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мақсатымен ауқымды реформалар жүзеге асырылуда. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында билік пен халық арасындағы өзара сенімді күшейтетін, мемлекетімізді одан әрі өркендетіп, азаматтардың әл-ауқатын арттыруды және тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін озық ойлы әрі бәсекеге қабілетті мамандар қажеттілігі өте зор. Осыған орай, Президентіміз Касым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде екінші рет Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жүргізілетін болады. Бұл жобаның басты мақсаты – қоғам мүдделерін басшылыққа алатын және маңызы зор әрі тиімді реформаларды іске асыра…








