Мен Қазақстанның патриотымын!
Ағымдағы жылғы 4 маусым күні, яғни Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеуге бағытталған осы семинарлық сабақты өз Отанымызға сүйіспеншіліктен еске салып бастау жөн. Патриот — бұл өз елін сүйетін, елінің ұлтын, тілін, тарихын, ежелден келе жатқан ата-баба салт-дәстүрлерін, дінің, ділін құрметтеп, өз елі үшін қызмет ететін тұлға. Сондықтан, әрбір қазақпын деген азамат, өз елінің патриоты болуға тиіс. Патриотизм ең алдымен адамның отбасына деген сүйіспеншілігінен басталады. Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген аталы сөз бекер айтылмаған. Біздің еліміздегі әрбір азамат…









