ПАРАСАТТЫ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ
Қазақстан тәуелсіздігін алған күннен бастап мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін және елдің дамуын тежейтін әлеуметтік ауру ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болып табылады. Бүгінде осы қауіпті, келеңсіз құбылыспен күрестің алдыңғы шебіне бүкіл қоғамның күш-жігерін біріктіру арқылы азаматтардың жоғары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу қойылған. Бұл жерде үлкен үміт пен жауапкершілік еліміздің қуатты стратегиялық ресурсы, біздің болашағымыздың негізі болып табылатын жас ұрпаққа жүктеледі. Нақ осы жастар сыбайлас жемқорлықтан азат қоғам құруға…






