Мемлекеттік қызметтің адамгершілік қағидаттары
Мамандық таңдау, кейін еңбек ету саласын таңдау — адам өміріндегі ең басты мәселелердің бірі екендігі белгілі, сондықтан таңдаған кәсібі мен жұмыс бағдары өзіне ұнап, оның өмірлік ұстанымына айналуы әркім үшін аса маңызды. Азаматтардың мемлекеттік қызметті таңдауына оның қабілеттері, дағдылары, қалыптасқан құндылықтары және басымдықтарымен қоса адами қаситеттері мен мінез-құлқы да әсер етеді. Мемлекеттік қызметке еңбек үрдісінің қарқындылығы мен жоғары жауапкершілік тән. Сондай-ақ, заманауи мемлекеттік қызмет үшін оның мақсаттары мен басымдықтары ерекше маңызды. Халыққа қызмет етуде кәсіби шеберлікпен қоса адамгершілік ұстанымның…





