Сот жұмысының заманауи жаңалықтары туралы
Елімізде Наурыз айынан бастап төтенше жағдай жарияланып, коронавирус (COVID-19) індетіне байланысты карантин енгізілгеннен кейін Қазақстанда сот процестері онлайн режимінде жүргізіле бастады. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасындағы соттар толықтай онлайн-жұмыс форматына көшті. Бірден айта кету керек, судьялар қашықтан жұмыс істемейді (мысалы, үйден). Соттар әдеттегідей жұмысын жалғастыруда, судьялар мен хатшылар сот залында қатысады, бірақ дауласушы тараптардың қатысуынсыз. Тараптар сот отырысына аудио-, бейне байланыс («Zoom», «WhatsApp») қосымшасы арқылы сот отырысына қосылады. Осыған байланысты осы бапта «онлайн-сот ісін жүргізу» деп сот…





