Игі істің басы — тіл
Елбасымыздың «Мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарда, қызмет көрсету саласында, құқық қорғау органдарында, немесе сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды» деген сөзі бүгінгі күннің және келешектің нақты ұстанымы екендігі сөзсіз. Қайсыбір мемлекет болмасын оның ең әуелі ұлықтайтын тілі, әрине мемлекеттік тілі. Ол — әлемдік қауымдастықтағы мемлекеттердің басты белгілерінің бірі, ұлттық саясатының көрсеткіші. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі — ұлы даламызды мекен еткен байырғы қазақ халқы мен Қазақстандық басқа да ұлт өкілдерінің тарихи тағдырын тоғыстырған, теңдік пен татулықты ұстана отырып,…






