ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖАҢА ҚАРҚЫН АЛДЫ
Бала кезімізден сүйіп тыңдап, оқып өскен халық ертегілерінің көпшілігінде «жеті басты айдаһар», «жеті басты жалмауыз» деген жағымсыз әрі қорқынышты кейіпкерлер болғанын жақсы білеміз. Қарапайым халықтың қанын соратын осындай құбыжықтармен алысқан батырлар әлгі тажалдың бір басын шауып түсіріп, енді бір басымен алысып жатқанда ана шабылған бастың орнына жаңа бір бас өсіп шығады екен делінетін әлгі ертегілерде. Бүгінде Қазақстан экономикасы мен қаржы-қаражат салаларын жегі құрттай жайлаған сыбайлас жемқорлық дерті де осы жеті басты аждаһа сияқты. Бірін әшкерелеп, соттап, құртып жатсаң, енді…







