Ортақ мүлікті бөлу оңай емес
Елімізде ажырасушылар санының көбеюінен біраз мәселе туындауда. Некенің бұзылуынан қаншама тағдыр бүлініп, қаншама шаңырақ ортасына түсіп жатыр. Ерлі-зайыптылардың екіге кетуі балалар тәрбиесіне де өз кесірін тигізуде. Бұдан бөлек, ажырасудың соңы жүктемесінің артуына да ықпал етеді. Өйткені, отбасының бүлінуі тек арыз жазумен, ажырасумен бітпейді. Алимент өндіру, баламен кезедсу уақытын белгілеу, баланың тұрғылықты жерін анықтау, ортақ мүлікті бөлу секілді түйткілдің бәрі тек сот арқылы шешіледі. Неке бұзылғаннан кейін бұрынғы ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке таласпайтындары сирек. Ал, сот отырысы кезінде қандай мүліктер ортақ…







