«ӘДЕП» АДАЛДЫҚ АЛАҢЫНДА
«Әдептілік ар ұят, Адамдықтың белгісі» деп айтқандай әдепті болу деген сөздің мағынасы өте кең. «Әдеп» — қоғамдағы адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптар. Олай дейтініміз, адамның сөйлеу мәнері, іс-қимылы, жүріс-тұрысы, өзін ұстай білуі оның мәдениетті, әдепті екендігін байқатып отырады. Адамның бойынан әдептілік қасиет көрініп түрса, ол парасатты, адамгершілігі мол екендігін көрсетеді. Ұлт көшбасшысы және партия төрағасы Н.Ә.Назарбаев 2019 жыл 21 тамызда өткен «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жоғары білім саласында жемқорлықты болдырмау туралы нақты тапсырма берген болатын….







