«COVID-19» індетімен күрес нәтижелі ме!?
Сыншы ой керек! М.Әуезов. «Абай жолы» Осы жыл басынан бүкіл әлемді дүрліктіріп, сол кезден миллиардтаған жұрттың қабырғасын қайыстырып, Қытайдан тараған кесепаты шексіз Ухань коронавирусы жаулап алып, Жер шары халықтарын орасан зардапқа салып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының қарамағына кіретін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) өткен жылы желтоқсанда бұл індетке ресми түрде «COVID-19» деген атау берген. Бүгінгі таңда одан әлем халықтарының 20 миллионнан астам адам зардап шегіп, ащы өкінішке орай, 700 мыңнан аса адамдар көз жұмып, қаратүнек келмес сапарға аттанған. Жан…






