ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ БИЗНЕСКЕ ӘСЕРІ
«Стратегия әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық ұйымының сыбайлас жемқорлық бойынша арнайы шолуының нәтижесі бойынша 2018 жылы ел кәсіпкерлерінің 62% сыбайлас жемқорлық көріністерімен кездескен болса, бір жылдан кейін, 2019 жылы тек 46% алдынан шыққан. Яғни 2018 жылмен салыстырғанда өткен жылы кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлық көрінстеріне тартылу деңгейі 16%-ға төмендеген. Бірақ мемлекеттік қызметтегі жемқорлық туралы стереотиптің қалыптасуына байланысты, кәсіпкерлердің тарапынан кез келген әрекет немесе әрекетсіздік сыбайлас жемқорлық тәуекелі ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында анықталғандай, кәсіпкерге қарағанда сыбайлас жемқорлықтың бастамашысы көбінесе мемлекеттік органның…







