АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ҒҰЛАМАСЫ ӘЛ-ФАРАБИГЕ АРНАЛДЫ
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттіктің бастамасымен тұрғындар арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау мақсатында «Адалдық сағаты» жалпыреспубликалық акциясы тұрақты түрде өткізіліп келеді. Елдегі карантин жағдайына байланысты, мамыр айында бірінші рет онлайн форматта Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында өткен «Адалдық сағаты» қоғамда үлкен қолдауға ие болып, жалпыреспубликалық акцияны тоқсан сайын өткізу туралы шешім қабылданған болатын. А.ж. шілде айында «Адалдық сағаты» тақырыбын ұлы ойшыл, ғұлама Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Әл-Фараби және қайырымды қоғам» деп алып, мемлекеттік және ресми тілде тиісті бейне-дәрістер…






